
Ағымдағы жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, өңірлер әкімдіктерімен, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және энергия кәсіпорындарының басшыларымен бірлесіп 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңді өткізу бойынша салалық селекторлық кеңес өткізілді.
Кеңесте жеткізілген отын мен энергия беруші және энергия өндіруші ұйымдар алдындағы энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың дебиторлық берешектерін өтеу, әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерге «әлеуметтік» мазутты жеткізу, сондай-ақ энергия көздеріндегі отынның нормативтік қорын қолдау және жылу желілері жұмысының температуралық кестесін сақтау мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне:
- берілген отын үшін берешектерді өтеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- әлеуметтік мазутты тиеу жоспарын орындау тапсырылды.
Энергия кәсіпорындарының бірінші басшыларына:
- электр станцияларындағы отынның нормативтік қорын қолдау;
- жылу желілері жұмысының температуралық кестесін сақтау;
- электр станцияларында электр энергиясын өндіру/тұтыну режимін сақтау;
- қысқы кезеңде технологиялық бұзушылықтарды жою үшін материалдар мен жабдықтардың авариялық қорын құру;
- жұмыстардың өндірістік қауіпсіздік шараларын күшейту тапсырылды.