"Павлодар мунай-химия зауыты" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды

"Павлодар мунай-химия зауыты" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетімен "Павлодар мунай-химия зауыты" ЖШС-ға қатысты тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында "Павлодар мунай-химия зауыты" ЖШС иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу және құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу кезінде атом энергиясын пайдалану салысында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын сақтамағандығы анықталды.

Тексеру нәтижесі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 297-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ескерту берілді.