
АҚШ Қорғаныс министрлігінің қатерді азайту жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасында оқу курсын өткізуде
Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы Халықаралық келісім шеңберінде 2022 жылғы 27-28 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланымен «ҚР Ұлттық ұланының тиімділігін бағалау бойынша Семинар» оқу курсын өткізу туралы ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті.
Кеңес барысында ядролық нысандарды күзетуге жауапты Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери бөлімдерінің өкілдеріне арналған курсты өткізу туралы мәселелер талқыланды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті АҚШ ҚМ АУУ делегациясының «Ұлттық ядролық орталық» РМК, «Курчатовтағы ИГР және Байкал зерттеу реакторлары» және ҚР Ұлттық ұланы сияқты объектілерге баруын ұйымдастырды.