Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға 2018-2019 жж., күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беруге өтініштерді қабылдауды аяқтады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға 2018-2019 жж., күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беруге өтініштерді қабылдауды аяқтады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №281 бұйрығымен бекітілген "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік қызмет көрсетілетін стандартының 1-тарауының 3-тармағына сәйкес өтініштерді қабылдауды аяқтады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) комиссиясы энергетикалық кәсіпорындардың 2018-2019 жж., күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін берген өтініштеріне және оларға қоса берілген деректердің Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің    2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларының энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттарына сәйкестігі бойынша отырыс өткізді.

Комитет отырысының қорытындысы бойынша келесі ұйымдарға әзірлік паспортын беру туралы шешім қабылданды: «ВК-Энергия» ЖШС, Балқаш ЖЭО «Kazakhmys Energy2 ЖШС, «Батыс Пауэр» ЖШС, «АЭС Шульба ГЭС» ЖШС, «Жаңажол ГТЭС» ЖШС, «АЭС Усть-Каменгорская ГЭС» ЖШС, «Лайтэк» ЖШС, «Житикаракоммунэнерго» МКК, ЖЭО-1 «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС, ЖЭО-3 «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Ақтөбе рельс-арқалық заводы» ЖШС, «Текелі энергокомплекс» ЖШС, РЭК ЖШС «Энергосистема», «Энергоуголь» ӨҚ «АрселорМитталТеміртау» АҚ КД, «Шардара су электр станциясы» АҚ,  ЭС Қашаған «Норд Каспиан оперейтинг Кампани Н. В.», «Степногорск ЖЭО» ЖШС, «Риддер ЖЭО» АҚ.