2018 жылғы 26 қыркүйекте Бішкек қаласында, Қырғыз Республикасы, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша ТМД қатысушы мемлекеттері Комиссиясының 19-шы отырысы өтті

2018 жылғы 26 қыркүйекте Бішкек қаласында, Қырғыз Республикасы, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша ТМД қатысушы мемлекеттері Комиссиясының 19-шы отырысы өтті

Отырысқа  Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Тәжікстан Республикасының өкілдері, ТМД қатысушы мемлекеттерінің тиісті ұйымдары мен мекемелерінің сарапшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, ТМД қатысушы мемлекеттерінің атом энергиясын пайдалану саласында әріптестікті дамытуға бағытталған құжаттар мен  өзекті мәселелер қарастырылды.

2011 жылғы 19 мамырдағы «ТМД АТОМ-ӘРІПТЕСТІГІ» 2020 жылға дейінгі атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ТМД қатысушы мемлекеттерінің әріптестігі  бағдарламасы, «Уран өндіру кәсіпорындарының әсеріне шалдыққан мемлекеттердің аумағын қалпына келтіру» мемлекетаралық мақсатты бағдарламасы, 2016 жылғы 18 наурыздағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында ТМД қатысушы мемлекеттерінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру бойынша бірінші кезекті іс-шаралар жоспары  сынды негізгі құжаттардың іске асырылу барысы қарастырылды.

Қазақстан Республикасының өкілдері қазақстандық материалтану токамагындағы жұмыстардың іске асырылу барысы жайында хабарлады. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында қызмет жасайтын базалық мекемелер өз жұмыстары жөнінде есеп берді.

2016 жылғы 7 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздерді өткізу мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімді дамытуға сәйкес әзірленген радиоактивті көздердің орын ауыстыру мәселесі бойынша ақпаратпен алмасу нысандары және бірыңғай тәртібі  мақұлданды.

Комиссия қарауына ТМД қатысушы мемлекеттерінің  территориясы арқылы радиоактивті материалдарды трансшекаралық  (шекаралық) тасымалдау туралы келісім жобасы жайлы ақпарат ұсынылды. Комиссия шешімімен аталған жоба мақұлданды, оны ТМД жоғарғы органдарымен қарастыру үшін ТМД Атқарушы комитетіне жіберу көзделіп отыр.

Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша ТМД  қатысушы мемлекеттері комиссиясының келесі отырысын Беларус Республикасында 2019 жылдың  III тоқсанында өткізу жоспарлануда.