Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға 2018-2019 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беруді жалғастыруда

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға 2018-2019 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беруді жалғастыруда

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің комиссиясы энергетикалық кәсіпорындардың 2018-2019 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін берген өтініштеріне және оларға қоса берілген деректердің Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің    2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларының энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттарына сәйкестігі бойынша келесі отырысын өткізді.

Комитет отырысының қорытындысы бойынша келесі ұйымдарға әзірлік паспортын беру туралы шешім қабылданды: «СИП» ЖШС, «СНПС-Актөбемұнайгаз» АҚ «Ақтөбемұнайэнерго» басқармасы электр желілері бөлігінде, «Казахмыс Дистрибьюшн» ЖШС БРП «Энергосети», «ЭПК Атика» ЖШС, «Казахмыс Дистрибьюшн» ЖШС «Электр желілері кәсіпорны», «РТЖ» ААҚ ЮУЖД филиалының Петропавловск бөлімшесі, «Степногорск Энерготранзит» ЖШС, «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ, "УПНК-ПВ" ЖШС, «Алматы электр станцилары» АҚ.