
2018 жылдың 26 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-сінде (әрі қарай – Департамент) мемлекеттік қызметшілерінің әдептік деңгейін жоғарлату туралы кеңес өткізілген болатын.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 2017 жылғы «Мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлық нормалары және әдеп» басшылығының, мемлекеттік қызметшінің парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша қысқа нұсқаулық ұсынылған, мысалдар келтірілген, басшының әдебі қарастырылған, тимбилдинг әдісі, адамның сыпайлылығы мен құқығын құрметтеу принципі, заңдылық принципі, оған қызметтік міндет қана емес, моральдық борыш, ең жоғарғы қызмет көрсету стандартымен сәйкестендіруге ұмтылу процессі, кәсіби қызмет көрсету, әр қызмет алушымен дербес тіл табу, міндеттерін парасатты орындау принципі, мемлекеттік қызметті реттеуші нормативтік актілеріне сәйкес тіркелген, мемлекеттік қызметшілер жағынан бұзушылық кезінде қолданатын, санкциялар және тәртіп процедуралары туралы ақпараттары назарға алынды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мүлтіксіз сақтау, жұмыста айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу, қоғам және мемлекет жағынан жоғары сенімін ақтау.