
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Комитеттің ерекше тәртібі бойынша тексерулер жүргізудің 2021 жылғы екінші жартыжылдыққа арналған кестесіне сәйкес 2021 жылғы 1-12 қараша аралығында Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ерекше тәртіп бойынша 5 тексеру жүргізді.
Ерекше тәртіп бойынша тексеру нәтижелері бойынша бақылау субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4 нұсқама берілді, 14 іс-шара орындауға ұйғарылды.