Комитеттің аумақтық департаменттерінің 2021 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары бойынша кеңес

Комитеттің аумақтық департаменттерінің 2021 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары бойынша кеңес

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде (бұдан әрі-Комитет) Комитеттің аумақтық департаменттері басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді.

Кеңесте Комитеттің аумақтық департаменттерінің 2021 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары шығарылып, аумақтық департаменттер жұмысындағы проблемалық мәселелер қаралды, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің ережелері және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары түсіндірілді.

Кеңес қорытындысы бойынша аумақтық департаменттердің басшыларына Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган қызметінің негізгі бағыттары бойынша тапсырмалар берілді.