Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға 2018-2019 жж., күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беруге өтініштерін қарауды аяқтады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға 2018-2019 жж., күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беруге өтініштерін қарауды аяқтады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік қызмет көрсетілетін стандартының 1-тарауының 3-тармағына сәйкес өтініштерді қабылдауды аяқтады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) комиссиясы энергетикалық кәсіпорындардың 2018-2019 жж., күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін берген өтініштеріне және оларға қоса берілген деректердің Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларының энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттарына сәйкестігі бойынша отырыс өткізді.

Комитет отырысының нәтижелері бойынша Комитеттің орталық аппаратпен 209 энергетикалық кәсіпорынның күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспорттары берілді. Бұл ретте 3 энергия кәсіпорынына күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын берілген жоқ.