Қазақстан Республикасында электрмен жабдықтауға қосылу кезіндегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Қазақстан Республикасында электрмен жабдықтауға қосылу кезіндегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Қазақстан Республикасында электрмен жабдықтауға қосылу кезіндегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

   2021 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) төрағасының қатысуымен кеңес өтті, онда Министрліктің мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу және қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері қаралды.

        Агенттік азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшудің, көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасаудың және Министрліктің мемлекеттік қызметтер көрсетуі кезінде клиентке бағдарлануды қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы хабардар етті.

        Сондай-ақ, кеңесте Дүниежүзілік банктің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу» Халықаралық рейтингі (бұдан әрі – Индикатор) бойынша Қазақстан Республикасында электрмен жабдықтауға қосылу кезіндегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы мәселе көтерілді.

   Осыған байланысты, қоғамдық бақылауды күшейту және алдын алу, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі Агенттіктің ұсынымдары шеңберінде Алматы қаласын электрмен жабдықтауды қосу жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу жоспарлануда.

      Сонымен қатар, 2020 жылы Министрлікте «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

   «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі оның құрамына энергетика саласындағы проблемалық мәселелерді шешуге көңіл бөлетін азаматтық қоғам өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарын тарту есебінен өзара іс-қимылдың тиімді алаңына айналуға тиіс.

   Осыған байланысты, Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитеті Агенттікпен бірлесіп, «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі шеңберінде Алматы қаласының квазимемлекеттік электр желілік компанияларында электрмен жабдықтау жүйесіне қосылған кездегі тұрмыстық жемқорлыққа қарсы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуі ұсынылды.