
2018 жылдың 29 қазан - 2 қараша аралығында Алматы қаласында «Жаһандық ядролық қауіпсіздік» АҚШ бағдарламасы аясында АЭҚБК-мен «Физикалық қорғаныс жүйесінің жай-күйіне бақылау тексерістерін өткізу» оқу курсы ұйымдастырылды және өткізілді.
Оқу курсы Ядролық физика институтының Ядролық қауіпсіздік жөнінде оқу орталығының негізінде өткізілді.
Курсқа Қазақстанның ядролық қондырғылар, уран кеніші, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардия әскери бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
Оқу курсы барысында бақылау тексерістерін жоспарлау және өткізу, тексерістерді өткізу әдістері мен құралдары, құжаттаманы жүргізу, тексеру парақтарын толтыру, уақыт шектерін сақтау, тексерістерді өткізу нәтижелері бойынша есептерді құрастыру мәселелері бойынша негізгі шолу жасалды. Сондай-ақ бақылау тексерістерін өткізу үшін қажетті жабдықтар, ресурстар, тиісті оқыту, себептер мен қателерді жою үшін түзету шараларын қабылдау сияқты сұрақтар да қарастырылды.
Оқу курсы теориялық және практикалық сабақтарды қамтыды. Практикалық сабақтарда қатысушылар физикалық қорғаныс жүйесі жабдықтарының жұмысқа қабілеттілігіне, физикалық қорғаныс жүйесінің барлық қатысушыларын қамту үшін жабдықты орнатудың дұрыстығына, бұзушылықтардың алуан түрлеріне және типтеріне бақылау датчиктерінің әрекет етуіне, қауіп-қатер сигналына ден қою тәсілдеріне талдау және тексеруді жүргізді. Басты практикалық сабақтардың бірі бақылау датчиктерінің және қауіп-қатер сигналы мен бұзушылардың өтуіне ден қою күштерінің әрекет етуін тексеруді көрсетуге арналды.
Жалпы алғанда, оқу курсы қатысушыларға бақылау тексерістерін өткізу қажеттілігінің түсінігін қалыптасыруға, сондай-ақ бақылау тексерістерін өткізуге қатысы бар барлық аспектілер мен детальдарын толық ескеру маңыздылығын терең ұғынуға жол берді.