Жылыту маусымының өту барысы туралы

Жылыту маусымының өту барысы туралы

Тұтастай алғанда, Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясының және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен қатар штаттық режимде жұмыс істеуде. Ағымдағы жылдың басынан бері (а.ж. 4 желтоқсанына) Республикада 97,6 млрд. кВтсағ немесе өткен жылғы деңгейден 10,4%-ға көп электр энергиясы өндірілді және 93,9 млрд. кВтсағ немесе өткен жылғы деңгейден 10,5%-ға көп электр энергиясы тұтынылды.

Алдағы 2018-2019 жылдарға арналған күзгі-қысқы кезеңде ел тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтау үшін Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесі электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеудің 2018 жылға арнап бекітілген кестесіне (бұдан әрі – Кесте) сәйкес 8 энергоблоктарға, 56 энергетикалық қазандарға және 45 турбинаға күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеу жүргізу көзделген. Ағымдағы жылдың  4 желтоқсанына кестеге сәйкес 8 энергоблокта (жылдық көлемнің 100%), 51 қазандықта (жылдық көлемнің 91%) және 39 турбинада (жылдық көлемнің 87%) жұмыстар аяқталды. Әр түрлі жөндеу кезеңінде 5 қазандық пен  6 турбинада жұмыстар жүргізілуде. Негізінен жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.

Ұлттық маңызы бар электр станциялары бойынша «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-те – 5 энергоблок, «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ-та – 2 энергоблок, «ЕЭК» АҚ-та - 7 энергоблок, «Жамбыл МАЭС» АҚ-та - 2 энергоблок жұмыс істеп тұр. Қалған электр станциялары Жүйелік оператор белгілеген кесте бойынша жұмыс істеуде.

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанына энергетикалық көздердің отын қоймаларында 4,0 млн. тонна көмір және 107,2 мың тонна мазут жиналды. Тұтастай алғанда, отын қоры бекітілген нормаға сәйкес келеді.

Тұтынушылар электр және жылу энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілді, жылу желілерінің температуралық кестелері іс-жүзінде барлық өңірлерде сақталуда.