Орталық Азияда радиоактивті көздердің қауіпсіздігін арттыру бойынша аймақтық әріптестік

Орталық Азияда радиоактивті көздердің қауіпсіздігін арттыру бойынша аймақтық әріптестік

2018 жылдың 3-4 желтоқсанында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен «Радиоактивті материалдардың қауіпсіздігі бойынша халықаралық конференция: алдын алу және анықтау шараларын жетілдіру» конференциясы аясында Вена халықаралық орталығында 2017 жылдың мамыр айында Астанада өткен және 2018 жылдың маусым айында Бішкекте Ядролық қауіпті азайту бойынша бастама (Nuclear Threat Initiative)  және Энергетика және қауіпсіздік орталығымен (Ресей Федерациясы) ұйымдастырылған аймақтық семинарлардың қорытындыларына арналған сайд-ивент өткізілді. Іс-шараға Ядролық қауіпті азайту бойынша бастаманың вице-президенті Лаура Холгейт, Энергетика және қауіпсіздік орталығының директоры А.В. Хлопков, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның бақылаушы органдарының өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының атынан Комитеттің Материалдар мен халықаралық кепілдіктерді бақылау басқармасының басшысы - Мұқанов Бауыржан Түлкібайұлы Астана семинарының қорытындысы туралы баяндама жасады. Сайд ивент барысында жоғарыда аталған семинарлардың нәтижелері, сондай-ақ аймақтық әлеуетті күшейту және радиациялық қауіпсіздік саласындағы үйлестіруді күшейту және заңсыз трафиктің алдын алу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ конференция барысында Ядролық қауіпті төмендету жөніндегі бастаманың вице-президенті Лаура Холгейт радиоактивті көздердің қауіпсіздігін нығайту бойынша аймақтық диалогты дамытуға бағытталған күш-жігері үшін Мұқанов Бауыржан Түлкібайұлын марапаттады.