
1944 жылғы 18 мамырда - "Өнеркәсіптегі электр энергиясын үнемдеу туралы" Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қаулысы шықты, соның салдарынан КСРО электр станциялары халық комиссариатының жанынан өнеркәсіптік энергетика және энергия қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекция ұйымдастырылды. Жергілікті жерлерде бақылау міндеті аудандық энергетикалық басқармалардың энергосбыт аппараттарына жүктелді.
1945 жылдың қараша айында "Мемэнергияқадағалаумен" "Өнеркәсіпте электр энергиясы шығысының үлестік нормаларын белгілеу әдістемесі және бекіту тәртібі бойынша нұсқаулар" шығарылды, ал 1951 жылы "Электр және жылу энергиясын пайдалану ережелері" бекітілді.
1963 жылы "Мемауылэнергияқадағалау" инспекциясы мен одақтас республикалардың коммуналдық шаруашылық министрліктерінің коммуналдық энергетика жөніндегі инспекциялары таратылып, олардың функциялары "Мемэнергияқадағалауға" берілді.
1967 жылғы 29 маусымда "КСРО-дағы мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы" және "Қазандық қадағалау бойынша мемлекеттік инспекция туралы" ережелер бекітілді.
1980 жыл. Мемэнергияқадағалауға электр энергиясын өткізу және оның пайдаланылуын бақылау жөніндегі кәсіпорындар берілді.
1983 жылғы 4 қарашада КСРО-да мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы жаңа ереже қабылданды, оның негізінде 1985 жылғы наурызда КСРО Мемлекеттік энергетикалық қадағалаудың бас басқармасы (КСРО Мемлекеттік энергетикалық қадағалау Бас басқармасы) туралы ереже, Өңірлік мемлекеттік энергетикалық қадағалау басқармасы туралы ереже, Министрліктердің мемлекеттік энергетикалық қадағалау басқармасы (бөлімі) туралы ереже бекітілді.
1993 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы ереже бекітілуін қаулы етеді.
8 қараша 1995 жыл. Қазақстан Республикасында электр энергетикасы саласын басқару құрылымының қайта ұйымдастырылуына байланысты және Мемлекеттік энергетикалық қадағалаудың рөлін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы ереже бекітілуін ҚАУЛЫ ЕТЕДІ.
1999 жылғы 26 шілдеде "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы Заң күші бар № 2335 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі Қазақстан Республикасы Энергетика индустрия және сауда министрлігінің Республикалық мемлекеттік энергетикалық қадағалау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мемэнергиясараптама" республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылуын ҚАУЛЫ ЕТЕДІ.
2014 жылғы 7 қазандағы № 42 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 қазанда № 9795 тіркелді.