
18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, өңірлер әкімдіктерімен, "KEGOC" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "ҚТЖ "ҰК" АҚ, "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ ұлттық компанияларымен және энергия кәсіпорындарының басшыларымен бірге 2018-2019 жж. жылыту маусымының өту барысы туралы салалық селекторлық кеңес өткізілді.
Комитеттің баяндамасында алдағы күзгі-қысқы кезеңде ел тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтау үшін 2019 жылға электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу кестесіне сәйкес 11 энергоблокты, 63 қазанды және 46 турбинаны жөндеу жоспарланған.
Энергия көздерінің отын қоймаларында 3,7 млн.тонна көмір және 121,6 мың тонна мазут жинақталған. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында қазандық қоймаларында 1 072,7 мың тонна көмір және 119,9 мың тонна мазут жинақталған.
2018 жылғы 21 желтоқсаннан бастап температуралық кестені сақтамаудың 11 фактісі тіркелді.
Энергия өндіруші ұйымдардың "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдындағы мерзімі өткен берешегі шамамен 15,1 млрд.теңгені құрайды. Энергия өндіруші кәсіпорындардың "Богатырь Көмір" ЖШС алдындағы берешегі 593 млн.теңгені құрайды.
Ағымдағы күнге «әлеуметтік» мазутты жеткізу кестесі ағымдағы жылыту кезеңінің басынан бастап тек 52% - ға орындалды.
Кеңес қорытындысы бойынша өңірлер әкімдіктеріне 2018-2019 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өту барысын бақылауды, отын жинақтауды, коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықты, елдің энергия кәсіпорындарын көмірмен уақтылы және толық қамтамасыз етуді, бар берешекті азайтуға, «әлеуметтік» мазутты жеткізу кестесін сақтауға бағытталған шараларды қамтамасыз етуді, сондай-ақ энергия кәсіпорындарының басшыларына жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту және энергетикалық жабдықтың техникалық жай-күйі мен орталықтандырылған диспетчерлік басқару кезінде Жүйелік оператордың командаларын орындау, электр энергиясын өндіру/тұтыну режимдерін сақтау.