
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша ағымдағы жылдың 5 ақпанынан бастап түнгі уақытта - 45оС дейін сыртқы ауа температурасының төмендеуі күтілетінін хабарлайды. Осыған байланысты еліміздің энергия кәсіпорындарына электр станциялары мен электр желілері объектілерінің тұрақты жұмысына бағытталған қосымша шаралар қабылдау қажет. Оның ішінде авариялық-шығу бригадаларының дайындығын қамтамасыз ету, оларды материалдармен, қосалқы бөлшектермен, арнайы техникамен, ЖЖМ қамтамасыз ету. Жабдықтардың техникалық жағдайын бақылауды күшейту, қажет болған жағдайда жабдықтарға кезектен тыс тексеру жүргізу. Технологиялық бұзушылықтар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай электр энергетикалық жүйенің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және есепке алу Қағидаларының 1 - қосымшасы бойынша регламентке сәйкес хабарлау қажет.