Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде 2018-2019 жж. жылыту маусымының өтуі қаралды

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде 2018-2019 жж. жылыту маусымының өтуі қаралды

15 ақпанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, өңірлер әкімдіктерімен, "KEGOC" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "ҚТЖ "ҰК" АҚ, "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ ұлттық компанияларымен және энергия кәсіпорындарының басшыларымен бірге 2018-2019 жж. жылыту маусымының өту барысы туралы салалық селекторлық кеңес өткізілді.

Энергия көздерінің отын қоймаларында 3,5 млн.тонна көмір және    120,7 мың тонна мазут жинақталған. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында қазандық қоймаларында 889,8 мың тонна көмір және 142,3 мың тонна мазут жинақталған.

2019 жылғы 19 қаңтардан бастап температуралық кестені сақтамаудың 9 фактісі тіркелді.

Энергия өндіруші ұйымдардың "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдындағы мерзімі өткен берешегі шамамен 10,4 млрд.теңгені құрайды. Энергия өндіруші кәсіпорындардың "Богатырь Көмір" ЖШС алдындағы берешегі   798 млн.теңгені құрайды.

«Әлеуметтік» мазутты жеткізу кестесі ағымдағы жылыту кезеңінің басынан бастап тек 61% - ға орындалған.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлер әкімдіктеріне 2018-2019 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өту барысын бақылауды, энергия көздеріндегі отынның нормативтік қорын қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, ағымдағы жылыту кезеңінде жылу желілері жұмысының температуралық режимін сақтауды, тасқынға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылауды, сондай-ақ энергия кәсіпорындарының басшыларына жұмыстарды орындау кезінде орталықтандырылған диспетчерлік басқару бойынша Жүйелік оператордың командаларын орындау және тасқынға қарсы әзірленген іс-шараларды орындаулары тапсырылған.