Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде 2018-2019 жж. жылыту маусымының өтуі қаралды

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде 2018-2019 жж. жылыту маусымының өтуі қаралды

14 наурызда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, өңірлер әкімдіктерімен, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚТЖ «ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ және ұлттық компаниялары мен  энергия кәсіпорындарының басшыларымен бірге 2018-2019 жж. жылыту маусымының өту барысы туралы салалық селекторлық кеңес өткізілді.

Комитеттің баяндамасында алдағы күзгі-қысқы кезеңде ел тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтау үшін 2019 жылға электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу кестесіне сәйкес 11 энергоблокты, 63 қазандық пен 46 турбинаны жөндеу жоспарланған. Ағымдағы жылдың наурыз айының ортасына 2 қазанды, 3 турбинаны жөндеу аяқталды. Әр түрлі кезеңдерде жұмыстар 3 энергоблокта, 5 қазандықта және 8 турбинада жүргізіледі.  

Энергия көздерінің отын қоймаларында 3,6 млн.тонна көмір және 125 мың тонна мазут жинақталған. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында қазандық қоймаларында 890 мың тонна көмір және 142 мың тонна мазут жинақталған.

2019 жылдың 15 ақпанынан бастап температуралық кестені сақтамаудың 6 фактісі тіркелді.

Энергия өндіруші ұйымдардың «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдындағы мерзімі өткен берешегі шамамен 4,7 млрд.теңгені құрайды. Энергия өндіруші кәсіпорындардың «Богатырь Көмір» ЖШС алдындағы қарызы 838 млн.теңгені құрайды.

«Казгидромет» РМК гидрологиялық болжамына сәйкес Батыс Қазақстан, Қарағанды, Есіл өзендері бассейніндегі Ақмола, Тобыл және Тоғызақ өзендерінің көлемі өткен жылдың деңгейінен көп.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлер әкімдіктеріне 2018-2019 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өту барысын бақылауды қамтамасыз ету, бар берешекті азайту, сондай-ақ энергия кәсіпорындарының басшыларына әзірленген тасқынға қарсы іс-шараларды орындау бойынша шараларды күшейту, мереке күндері және су тасқыны жағдайы нашарлаған кезде жауапты қызметкерлердің кезекшілігін ұйымдастыру тапсырылды.