
Құрметті «Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушылар!
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті 2019 жылғы 15 сәуірден бастап «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 55 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 26 наурызда № 18411 болып тіркелген) бұйрығы күшіне енетінін хабарлайды.
Жоғарыда көрсетілген бұйрық шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күннен 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Сұрақтар туындаған жағдайда Комитетке +7 (7172) 74 02 38, +7 (7172) 74 12 27 телефондары арқылы хабарласуды ұсынамыз.