
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығын сәйкестікке келтіру мақсатында келесі бұйрықтарға өзгерістер енгізледі:
«Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 92 бұйрығына;
«Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығына;
«Ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 58 бұйрығына;
«Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 60 бұйрығына
Бұйрық жобасын қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.