
Азия елдері әлемдік жаңа АЭС салу нарығында үстемдік етуін жалғастыруда. Бұл туралы Бүкіләлемдік ядролық қауымдастықтың (WNA) жуырда жарияланған кезекті баяндамасында айтылған. 2016 жылы бүкіл әлемде іске қосылған 10 жаңа ядролық реактордың сегізі Азия континентінде орналасқан болатын.
Бүкіләлемдік ядролық қауымдастық 24 қазанда 23-27 қазанда өтіп жатқан Сингапурдың Халықаралық энергетикалық апталығында «2017 жылғы әлемдік ядролық көрсеткіштер баяндамасын» (2017 World Nuclear Performance Report) ұсынды.
Жалпы алғанда 2016 жылы Азия аймағындағы АЭС барлығы 448 млрд. КВт-сағ. электр энергиясын өндірді. Бұл 2015 жылға қарағанда 11,5%-ға көп және 2012 жылмен салыстырғанда 35% артық. Бүгінгі таңда Азиядағы атом электр станцияларында өндірілген электр энергиясының көлемі 30 жыл бұрынғыдан 2 есе көп. Соңғы 10 жылда реакторлық парк Үндістан мен Пәкістанда екі еседен артық және Қытайда үш еседен артық артты. Пайыздық көрсеткіште Азиядағы атомдық генерациялаудың үлесі қазіргі уақытта 2476 ТВт-сағ. жалпы санының 18%-ын құрайды.
Құрлықтық Қытай (Тайванды қоспағанда) шын мәнінде аймақтағы ең ірі ядролық держава болып табылады. 2016 жылғы жағдай бойынша Қытай жалпы қуаты 33 657 МВт болатын 37 атом энергетикалық блогын басқарды, олар өткен жылы 210,5 ТВт-сағ. электр энергиясын өндірді. Екінші орынды Оңтүстік Корея алып отыр, оның 24 энергетикалық реакторы бар (жалпы қуаты 22 505 МВт), олар 154,2 ТВт-сағ. өндірген. Үшінші орында – Үндістан (жалпы қуаты 6219 МВт болатын 22 реактор, олар 35 ТВт-сағ. электр энергиясын өндірген).
Жапония жалпы қуаты 39 952 МВт болатын ресми түрде жұмыс істейтін 42 реакторы болса да, АЭС-те тек 17,5 ТВт-сағ. электр энергиясын өндірді. Оның себебі Фукусимадағы апаттан кейін тоқтатылған энергетикалық блоктарды қайта іске қосудың тым баяулығы.
Соңында, он екі басқа реакторлар - Тайвань, Иран және Пәкістан - аймақта қалған 41,5 ТВт-сағ. электр энергиясын өндірді.
Қазіргі уақытта әлемде АЭС-тің 61 энергетикалық блоктары салу кезеңінде, оның ішінде 2/3 Азияда, олардың жартысы – ҚХР-да (жалпы қуаттылығы 22 ГВт болатын 20 энергетикалық блоктар). Тағы жалпы қуаттылығы 22 ГВт шамасында болатын 19 реактор Тайвань, Үндістан, Пәкістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея және Жапонияда салу кезеңінде. Атап айтқанда, 2018 жылы БАӘ «Барака» АЭС жоспарлы түрде іске қосуына байланысты Азиядағы және әлемдегі атом энергетикасы бар елдердің саны бірге артады.
Бұдан басқа, бірқатар Азия елдерінде, әзірге қолданыстағы немесе салынудағы АЭС болмаса да, олардың құрылысы үшін жасалған жоспарлар, ұсыныстар немесе келісімшарттар бар. Оларға Бангладеш, Индонезия, Иордания, Қазақстан, Малайзия, Сауд Аравиясы, Таиланд, Түркия және Вьетнам жатады, онда барлығы жалпы қуаты 60 ГВт астам 57 реактор салу жоспарлануда.