«Әлемде бірінші жүзбелі жел электр станциясы іске қосылды»

«Әлемде бірінші жүзбелі жел электр станциясы іске қосылды»

2017 жылы 18 қазанда «Statoil» Норвегия компаниясы және «Masdar» араб компаниясы, шотландиялық Абердиншира жағалауының маңында, әлемдегі бірінші жүзбелі Hywind атты жел электр станциясын іске қосты.

Қуаты 30 мВт станция жағалаудан 25 км қашықтықта электр энергиясын өндіре бастады және Питерхед қаласын энергиямен жабдыктай бастады. Жүзбелі жел электр станциясы барлығы 20 мың үй шаруашылығының қажеттіліктерін қамтамасыз етуі тиіс.

Әрбір турбинаның биіктігі теңіз бетінен қалақша ұшына дейін 175 метр құрайды. Жел құрылғысы негізі 78 метрге су астына кетеді және теңіз түбінде бекітілген. Ол балласт ретіндегі темір рудасы бар қалтқы түрінде жасалған. Генераторлар түбіне үш икемді трос байланған. Станция  бес генератордан тұрады. Конструкцияның жалпы салмағы 60 тоннадан асады.

Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету, желдің екпіні мен қуатына сәйкес қалақшалардың бұрышын өзгертеді. Болашақта станция   тұтынудың ең жоғарғы уақытында энергияны жинақтауға қабілетті литий-иондық аккумуляторлық батареямен жабдықталатын болады.

Қазіргі уақытта, осыған ұқсас жүзбелі жел электр станциялары америкалық Мэн штатының жағалауында салынуда. Бірінші осыған ұқсас  Норвегия жағалауындағы тәжірибелі станция болды. Ол 2009 жылы іске қосылған, әлі күнге дейін жұмыс істеуде, бірак ол ортақ энергия желісіне  қосылмаған және тек технологияны пысықтау үшін пайдаланылады. Германия мен Данияда генераторлар минималды тереңдікте орналасқан станциялар жұмыс істеуде.