
Ағымдағы жылдың 23-26 қазан аралығында ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлерінің АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіптілікті төмендету бойынша Агентіліктің, «НАК Интернейшнл инк.» корпорациясының және «URS Federal Services International, Inc.» компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу «Ғаламдық ядролық қауіптілік» жобасы бойынша жұмыстарды орындау және Қазақстан Республикасының ядролық материалдарды есепке алу мен бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша келісілген қызметтердің бағыттары шеңберінде өтті.
Осы кездесуде Комитетке арналған ядролық материалдарды есепке алу бойынша бағдарламалық жасақтамаға қойылған техникалық талаптар және барлық функциялар толық талқыланды. Ядролық материалдарды есепке алу бойынша Комитеттің мамандары бағдарламалық өніммен қадамдап танысты. Бағдарламалық өнімді аяқтағаннан кейін оның ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттау жүргізу жоспарлануда.