
2017 жылы 27 қазанда Атырау облыстық әкімдікте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасымен «Мемлекеттік органдар үшін әкімшілік істердің электронды түрді жобасын жүзеге асыру» тақырыбы бойынша семинар кеңес өткізілді. Семинарда Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы және қаланың барлық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Сонымен қатар, аталған шараға облыстың мемлекеттік органдардың басшылары конференциялық бейне-байланыс арқылы қатысты.