«БРК-Лизинг» АҚ күн сәулелік электр станциясының құрылысын қаржыландыруда

«БРК-Лизинг» АҚ күн сәулелік электр станциясының құрылысын қаржыландыруда

Forbes.kz сайтының ақпараты бойынша «БРК-Лизинг» АҚ Маңғыстау облысында 2 МВт-тық күн сәулелік электр станциясын салу бойынша «GroupIndependent» ЖШС-нің жобасын қаржыландыруды бастады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі «жасыл экономикаға» ауысу бойынша тұжырымдасын іске асыру бойынша ЖЭК арқасында қосымша қуат көзін енгізу үшін қолайлы жағдай жасады. Баламалы энергия көздерін дамыту «Астана Экспо-2017» халықаралық көрмесінің негізігі тақырыбы болды.

Бүгінгі күні еліміздің энергия балансында жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 1% құрайды, бұл ретте 2020 жылға дейін стратегиялық тапсырма энергия балансында 3% жету болып табылады.

Жобанаң іске асу орны - Маңғыстау облысы - жылына шуақ күні саны көп болуына байланысты күн панельдерін орналастыру қолайлы болып табылады. ШОБ дамуына, әрекеттегі және жаңа кәсіпорындардың құрылысының кеңейуіне байланысты облыста электр энергиясын тұтыну өсімі болжамдануда, олардың ішінде «Құрық» теңіз порты, полиэтилен және полипропилен өндіру бойынша мұнай химия кешені.     

Негізгі жабдықтарды жеткізуші «Astana Solar» ЖШС болып табылады.

Бұл отандық күн панельдерінен тұратын 100% алғашқы күн сәулелік электр станциясы болып табылады.