
Max Bogl Wind компаниясының өкілдері бүгінгі танда әлемдегі ең биік ветрогенератор турбинасының құрылысының аяқталғаны туралы хабарлады. Бұл турбина Штутгарт маныңдағы Гайльдорф қалашығының ауданында орнатылған, осы турбина мұнарасының биіктігі 178 метр құрайды, ал оның қалақшаларының ең жоғарғы нүктесі 264,5 метр биіктікте орналасқан.
Жаңа турбина жел электр станциясының құрамына кіретін тәжірибелік төрт турбиналардың ішінен ең алғашқы болып саналады. Басқа турбиналар сондай биік болмайды, олардың мұнарасының биіктігі 155 метрден аспауы тиіс. Мұнараларының биіктігі әр түрлі болғандығына қарамастан, барлық турбиналар Дженерал Электрик америкалық компаниямен өндірілген қуаты 3,4 МВт бірдей генераторларымен жабдықталатын болады.
Жоспарға сәйкес, тәжірибелік Гайльдорф жел электр станциясы толық қуатқа келесі жылы іске қосылады және өндірілген энергияны бірден елдің жалпы энергетикалық желісіне берілетін болады.