Обнинскіде Еуропадағы ең ірі ядролық мамандарды даярлау орталығы құрылады

Обнинскіде Еуропадағы ең ірі ядролық мамандарды даярлау орталығы құрылады

Калуга облысындағы Обнинскіде ядролық мамандарды даярлау бойынша Еуропадағы ең ірі орталық құратын болады. Бұл туралы бүгін РФ Мемлекеттік Думаның депутаты Геннадий Скляр журналистерге хабарлады.

«Обнинскіде ядролық кластерде қазір ядролық жобаларды іске асыру үшін Еуропадағы ең ірі ядролық оқыту орталығы құрылып жатыр. Росатом келесі жылы орталықты дамытуға 1 миллиардтан астам рубль салады», - деді Скляр.

Орталықтың жұмыс жасауы үшін Обнинсктің Атом энергиясы институты (АЭИ) және Росатом техникалық академиясы қосылатын болады.

«Бұл шетелдегі барлық жобаларды ядролық салада жұмыс істейтін қызметкерлермен қамтамасыз етуге ықпал жасайды», - деді Скляр.

 

Обнинск – Ресейдегі алғашқы ғылыми қала. Мұнда 1954 жылы алғашқы АЭС іске қосылды.