
Америкалық Энергетика жөніндегі ақпараттық әкімшіліктің (EIA) сарапшылары әлемде ядролық энергетиканы дамытудың болжамын жариялады. Олардың бағалауы бойынша 2016 - 2040 жж. аралығындағы кезеңде ядролық генерацияның үлесі орта есеппен жылына 1,6% - ға өседі.
Қыркүйек айында жарияланған 2017 жылдың жыл сайынғы халықаралық энергетикалық болжамға сүйене отырып, EIA сарапшылары жаңа энергетикалық блоктарды енгізудің қарқыны бойынша жақын келешекте алғашқы екі орынды Қытай мен Үндістан алатынын, және осы екі елдің есебінен ғана АҚШ, Жапония және Еуропада энергетикалық реакторлардың санын болжамды азайтудың орны толтырылады. Сондай ақ, EIA Таяу Шығыста атомдық генерацияның едәуір өсуін болжайды.
Қытай туралы айтқанда, сарапшылар осы елдің үлесіне әлемдегі барлық салынып жатқан ядролық станциялардың үштен бірі келетінін және 2024 жылға қарай Қытай
58 ГВт жаңа ядролық генерациялайтын қуаттарды енгізетіні күтіледі. Осы қарқынмен, 2032 жылға дейін Қытай ядролық қуаттар бойынша АҚШ –ты басып озады.
Тұтас алғанда, ұсынылған баяндамаға сәйкес 2040 жылы «негізгі» сценарий сақталған жағдайда әлемде АЭС-тің жиынтық қуаты 507,6 ГВт құрайды. (2016 жылы 352,0 ГВт)