Венада ядролық материалдар мен ғимараттарды қорғау туралы конференция өтуде

Венада ядролық материалдар мен ғимараттарды қорғау туралы конференция өтуде

2017 жылғы 13-17 қараша аралығында Венадағы АЭХА штаб-пәтерінде Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау жөніндегі халықаралық конференциясы өтіп жатыр, онда үкіметтің, реттеуші органдардың, ядролық объектілердің, ғылыми ортаның, өнеркәсіп және азаматтық қоғамның мүдделерін білдіретін 800-ден астам қатысушылар қатысуда.

Конференция Халықаралық қылмыстық полиция ұйымымен (INTERPOL), Дүниежүзілік ядролық көлік институтымен (WNTI) және Бүкіләлемдік ядролық қауіпсіздік институтымен (WINS) бірлесіп өткізілуде.

Конференцияның жұмысына ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің, ҚР ЯФИ Ядролық қауіпсіздік бойынша оқу орталығының және «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ өкілдері қатысуда.

Конференцияның мақсаты - ядролық материалдар мен объектілерді ұрлаудан немесе саботаждан қорғауды күшейту мақсатында тәжірибе, проблемалар мен алынған сабақтармен алмасу.

Өзінің кіріспе мәлімдемесінде бас директордың орынбасары және ядролық қауіпсіздік департаментінің бастығы Хуан Карлос Лентихо ядролық материалды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау ядролық қауіпсіздік режимінің ажырамас бөлігі екенін мәлімдеді. «Мемлекеттер ұлттық және халықаралық міндеттемелерге сәйкес барлық ядролық және басқа радиоактивті материалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Агенттіктің рөлі осы міндеттерді орындауда мемлекеттерді қолдау болып табылады», - деді ол.

Конференцияға қатысушылар ядролық материалдарды пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде заңсыз тартып алудан қорғаудың құқықтық және нормативтік базасын және физикалық қорғау режимдерін әзірлеу мен жүргізуде тәжірибе алмасуды талқылауда.