
Khabar.kz сайтының ақпараты бойынша Шымкент қаласында Орта Азиядағы ең алғашқы жарты мегаваттық қуаты бар биогаздық қондырғыны іске қосылды. Кәсіпорынға енгізілген бірегей чех технологиясы қаладағы ағынды суларды тазалау арқылы биогаз, жылу және электр энергиясын шығаруға мүмкіндік береді. Құны 2,2 млрд теңге құрайтын жоба "жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылуда . Түймесін басу арқылы жаңа биогаз қондырғының салтанатты түрде жұмысы бастау алды. Мүлдем жаңа технологиямен жасалған ағынды суларды тазалау жолымен мұнда электр қуатын, жылу және газ өндіру басталды. Зауыттың жұмыскерлерінің айтуы бойынша қондырғы тұнбаны өңдеп тәулігіне 300 текше метр метанқұрамды газ бөледі. Бастысы тапсырылған температураны ұстап, бактериялардың тіршілігі мен ашыту үшін жасанды түрде қолайлы жағдаймен камтамасыз ету қажет. Алынған газды күкірттен тазартып жинақтаушыға жинайды. Тазартылған газ өртеліп, энергия бөлінеді. Өндірілген газ және жылу кәсіпорынның өз қажеттіліктеріне пайдаланылады, ал электр қуаты қала желісіне жіберіледі.