НАСА ғарышты зерттеуге киловаттық реактор ұсынды

НАСА ғарышты зерттеуге киловаттық реактор ұсынды

Америкалық НАСА ғарыш агенттігі осы айда урандық атомдық генерациялайтын қондырғыларды сынауды бастайды, ол Марсқа болашақ ұшуларда қолданылатын болады. Технология Kilopower жобасының шеңберінде әзірленген.

Kilopower реакторы кем дегенде он жыл бойы үзіліссіз 10 кВт дейін электр энергиясын өндіре алады. Прототипті энергетикалық жүйеде отын ретінде металдық уран-235 пайдаланылады, жылу тасымалдағыш ретінде сұйық натрий болады. Алынған жылу Стирлинг қозғалтқышы (жоғары тиімділікпен белгілі жүйе) арқылы поршеньді қозғалысқа келтіреді, ол өз кезегінде электр энергиясын өндіру үшін генераторға қосылады.

Kilopower жобасының барлық кезеңдерде негізгі әзірлеушісі –Хантсвиллдегі (Алабама штаты) Маршалл атындағы НАСА ғарыштық ұшулар орталығының қатысуымен Кливлендтегі Джон Гленн атындағы НАСА Ғылыми-зерттеу орталығы. Бұл қондырғыға реакторды дайындаумен АҚШ Энергетика министрлігінің басқа мекемелерінің қатысуымен Окридж ұлттық лабораториясы айналысады. Сынаулар Невада штатында өтетін болады.

Лос-Аламос Ұлттық лабораториясынан Kilopower жобасының басшысы Патрик Макклюр (Patrick McClure) атап өткендей, «Ғарыштық ядролық реактор күн энергетикасынан немесе бағдардан тәуелсіз жұмыс істеуге қабілетті тығыздығы жоғары энергиялы қуат көзін қамтамасыз ете алады, және өте ауыр жағдайларда жұмыс істей алады, мысалы, Марстың бетінде».

Өз кезегінде, Лос-Аламос лабораториясындағы реакторлық қондырғылардың бас конструкторы: «Біз сынау жүргізетін реактор технологиясы НАСА-ның бірнеше жобаларына қолданылуы мүмкін және біз, ақыр соңында, бұл ғарыштық зерттеулердегі кезекті жетістікке қол жеткізуге мүмкіндік береді деп есептейміз, бұл шынайы амбициялы және шабыттандыратын ғарыштық зерттеулердің жаңа парадигмасын жасау үшін бөлу реакторлары бойынша алғашқы қадам болып табылады. Жобаның негізгі артықшылықтарының бірі – оның конструкциясының қарапайымдылығы болып табылады.»