Қазақстан «жасыл» энергияны сатып алу аукционын бірінші рет 2018 жылы өткізеді

Қазақстан «жасыл» энергияны сатып алу аукционын бірінші рет 2018 жылы өткізеді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жаңартылатын энергия көздерінен алынатын энергияны сатып алу аукционының мерзімін атады. ҒӨБ-пен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша кездесу барысында «Біз 2018 жылы ЖЭК бойынша бірінші пилоттық аукционды өткізуді жоспарлап отырмыз. Аукцион жеңімпаздары үшін ашықтықты қамтамасыз ету және тартымды шарттарды қолдану аукциондарды халықаралық дәрежеге көтереді, бұл бізге ЖЭК-тің тарифтерін төмендетуге және халықаралық ірі ойыншыларды тартуға мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деп хабарлады Энергетика министрінің басшысы. Ол бірінші аукционды жүргізгенде елдегі «жасыл» электр энергиясына тарифтерді неғұрлым әділ болатынын білдірді. Сондай-ақ Министр жаңартылатын энергия көздерін дамытуға халықаралық қаржы институттарымен қаражат бөлу туралы келісімдерді еске салды.