
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО, «Атырау Жарық» АҚ және «Атырау ЖЭО» АҚ-мен бірлесіп ағымдағы жылғы 29 қарашада электр энергиясын өңдіру/тұтыну кестесін сақтау және Атырау энергетикалық түйінінде телеметрия деректерін беруді ұйымдастыру мәселесі кеңес өткізді.
Кеңестің қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ жүйелік операторына электр қуатын реттеу жөнінде жүйелік қызметтерді көрсету қамтамасыз ету, сонымен қатар Атырау энергетикалық түйінінде өндіруді – тұтынуды теңдестіру үшін қолда бар техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып ұйымдастыру ұсынылды.
Сонымен қатар, «Атырау Жарық» АҚ және «Атырау ЖЭО» АҚ «KEGOC» АҚ-ның АДО-қа тікелей байланыс арналарын және телеметрия деректерін беруді, сондай-ақ жүйелік оператордың өндіріс режимдері тәртібін, орталық жедел диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде электр энергиясын тұтынуды беру жүзеге асыру ұсынылды.