Криминалистикадағы ядролық әдістерді қолдану бойынша жаңа зерттеу жобасы

Криминалистикадағы ядролық әдістерді қолдану бойынша жаңа зерттеу жобасы

Ядролық аналитикалық әдістердің практиктеріне, сондай-ақ соттық ғылым саласындағы мүдделі тараптар қоғамдастығына өкілдік ететін бүкіл әлемнің сарапшылары соттық ғылымда ядролық аналитикалық әдістерді қолдану бойынша жаңа үйлестірілген зерттеу жобасын талқылау үшін өткен аптада Венада кездесті.  Жоба полиция тергеушілеріне, соттарға және кеден органдарының қызметкерлеріне көмек көрсету үшін ядролық әдістердің қолданылуы соттық сараптамадағы бар әдістерді қалайша толықтыруы мүмкін  екенін анықтауға бағытталған. Төрт жыл бойы жалғасатын жоба, үш негізгі бағытқа бөлінген: қылмыс орнынан алынған әйнекті талдау, тамақ азық-түліктердің түпнұсқалығын және мәдени мұраны тексеру.

Ядролық-аналитикалық әдістер қылмыс орнынан алынған әйнекті талдау, тамақ өнімінің құрамын зерттеу және өнер туындысы жалған болған жағдайда  тексеру сияқты  әртүрлі  соттық-медициналық  мақсаттар  үшін тиімді болуы мүмкін. Зерттеу координациясы бойынша апталық кеңестің барысында  бірнеше елдің физиктері соттық практикада қолданылуының жөнділігін анықтау үшін тақырыптық зерттеулерде олар қолданған ядролық-аналитикалық әдістерді сипаттады.