
АЖЭО аумағында қолданыстағы үшеуіне қосымша, сыйымдылығы 3000 тонна мазут резервуарының монтаждау жұмыстары аяқталды.
ЖЭО негізгі отыны – табиғи газ, бірақ қазандық жұмысының сенімділігін арттыру үшін, резервтік отын (мазут) болуы тиіс. Бүгінгі күнге дейін осы талаптарды үш резервуар қоры толықтай қамтамасыз етпеді. Жаңа резервуардың АЖЭО жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, басқа да резервуарларға жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, тұтынушыларды электр энергиясымен және жылу энергиясымен сенімділігін төмендетпей қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Резервуар барлық қауіпсіз пайдалану, өрт және эстетика жөніндегі талаптарды ескере отырып, жобаланған және жөнделген.