
Алматы қаласында ҚР ІІМ ТЖК Республикалық азаматтық қорғаныс оқыту-әдістемелік орталығы «Азаматтық қорғаныс саласында біліктілікті арттыру» тақырыбы бойынша оқу курсын ұйымдастырды. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілген курсты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлері болды: электр-жылу өндіруші станцияларын қадағалау және бақылау басқармасының бас сарапшысы Илимжанов Бауыржан Смгатович, электр желілері мен тұтынушылардың электр қондырғыларын қадағалау және бақылау басқармасының бас сарапшысы Сәрсембай Төлеген Мейрамұлы өтті. Курсқа өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі нормативтік- құқықтық актілермен танысу, арнайы жабдықталған кластарда тәжірибелік сабақтар өткізу, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен танысу және олардың қолдану ережесі, модельді өрт ошағында өрт сөндіргіштермен практикалық түрде таныстыру, автоматтандырылған өрттен қорғау кіреді. Курстың мақсаты АҚ бойынша нормативтік құқықтық актілер бойынша білім жоғарлату, сонымен қатар нысанда АҚ шараларын ұйымдастыру және жоспарлау бойынша шеберлігін шыңдау.
Курстың соңында тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды.