Әлемдік атом энергетикасын дамыту стратегиясы Foratom еуропалық ядролық форумында таныстырылды

Әлемдік атом энергетикасын дамыту стратегиясы Foratom еуропалық ядролық форумында таныстырылды

2017 жылғы 12 желтоқсанда Дүниежүзілік ядролық қауымдастық Брюссельде орналасқан  Еуропаның атом энергетикасы жөніндегі  Foratom сауда қауымдастығының мүшелеріне өзінің «Гармония» әлемдік энергетиканы дамытуға арналған бағдарламасын таныстырды. «Гармония» бағдарламасы жаһандық жылынуды болдырмау бойынша әлемдік қауымдастықпен жасалған уағдаластыққа қол жеткізу үшін қажетті ядролық  өнеркәсіпті дамыту стратегиясын білдіреді. Өз сөзінде Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың бас директоры Агнета Ризинг : «Егер біз климат бойынша мәлімдеген мақсатқа қол жеткізгіміз келсе, 2050 жылға қарай атом генерациясы  энергия өндірісінің 25 %  құрауы тиіс. 2014 жылы ядролық энергетика әлемдік генерацияның 11 %  құрағанын ескере отырып,                       2050 жылға қарай қосымша 1000 ГВт ядролық қуат салу қажет болады. Алайда бұл мақсатқа жету оңай болмайды ».

Ұсынылған бағдарлама осы міндеттерді шешу жолындағы бар кедергілерді және оларды еңсеру бойынша шараларды  бағалайды. Бар мәселенің бірі – электр энергиясы  нарығындағы кідіріс. Осы мәселені шешу ретінде ядролықты қоса алғанда,  барлық төмен көміртекті  энергия көздеріне тең жағдай жасау ұсынылады. Екінші мәселе – ядролық генерациялайтын қуатты жеделдетіп салуға  кедергі келтіретін көптеген елдердегі реттеуші кедергілер. Осыған байланысты бүгінгі күнгі талаптарға сәйкес халықаралық реттеуші нормаларды  оңтайландыруды жүргізу ұсынылған. Үшінші мәселе - қоғамдық пікірдегі ядролық энергетикаға қатысты едәуір дәрежеде  сақталған қате түсінік. Осыған байланысты атом энергиясымен байланысты ықтимал тәуекелдіктерді  арасындағы байланысты  және оның басқа да  электр энергиясын өндіру технологияларымен салыстырғандағы нақты  басымдықтарын  түсіндіру бойынша қосымша жұмыс жасау қажет.

Foratom бас директоры Ив Десбазилльдің (Yves Desbazeille) атап өткеніндей: «Біз «Гармония» бағдарламасының жұмысын қолдаймыз. Еуропа әлемнің басқа өңірлері сияқты көптеген проблемалар  мен мүмкіндіктерге тап болады. Сонымен бірге бүгінде Еуропалық Одақ әлемнің басқа бөліктеріне қарағанда, атомдық генерация үлесінің жоғары болуының нәтижесінде СО2 шығарындыларын  қысқарту бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Еуропада ядролық энергияның  рөлі туралы біздің позитивті ұсыныстарымыз үстем болу үшін біз Дүниежүзілік ядролық қауымдастықпен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға сенеміз».

Foratom 15 ұлттық ядролық қауымдастықтан тұрады және олар арқылы  атом саласымен байланысты 800 000 жуық адам жұмыс істейтін 800-дей  еуропалық компанияларды білдіреді.

 

 

Дереккөз:http://www.atomic-energy.ru