Жапония ядролық реакторларды бөлшектеу жолдарын іздейді

Жапония ядролық реакторларды бөлшектеу жолдарын іздейді

Жапонияның мемлекеттік және жеке секторларын білдіретін топтар авариялық "Фукусима-1" АЭС зақымдалған реакторларын бөлшектеуге арналған жаңа зерттеу ұйымын бірлесіп құруға ниет білдірді деп хабарлайды NHK.

Өнеркәсіп министрі Тосимицу Мотэги бейсенбіде Киото университетінің ядролық реакторларды бөлшектеу саласындағы жаңа халықаралық зерттеулер институтын басқаратын профессор Хадзиму Яманаға осы ұйымның құрылуына қатысты заң құжаттарын тапсырды.

Мотэги жобаға қатысушы барлық тараптар Фукусима префектурасының және басқа да тұрғындардың жоғары үмітін қанағаттандыратын нәтижелерге қол жеткізу үшін күш-жігерін біріктіретініне сенім білдірді.

Жоба аясында 17 ұйымның 500-ден астам мамандары, оның ішінде үкіметпен, электр энергетикалық компаниялармен және реактор өндірушілерімен байланысты зерттеу институттары жұмыс істейді.

Болжамдарға сәйкес, "Фукусима-1" АЭС реакторларын бөлшектеу күрделі тапсырма болып табылады, оны орындауға қырық жыл қажет болуы мүмкін.

 

 atomic-energy.ru