Оңтүстік Қазақстан облысында күн электр станциясы салынады

Оңтүстік Қазақстан облысында күн электр станциясы салынады

Еуропалық қайта құру және даму банкі (бұдан әрі - ЕҚДБ) Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында күн электр станциясын салу бойынша Urbasolar SAS француздық компаниясының «Задария» жобасын қолдады.

«Задария» жаңа күн электр станциясы Қазақстанның энергия теңгеріміне күн энергиясының 14 мегаватт қуатын қосады, бұл қазіргі және жоспарланған жаңартылатын энергия генераторларының жалпы қуаты 365 мегаватқа жететін болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында күн электр станциясын салу үшін ЕҚДБ 8,8 млн. доллар мөлшерінде несие береді. Таза технологиялар қоры 3,9 млн. доллар жеңілдетілген қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Жобаны жүзеге асырумен «Kaz Green Tek Solar» ЖШС арнайы жобалық компаниясы айналысады.

Кредиттік келісім және Қазақстан Республикасының Үкіметімен  жобаны қолдау туралы келісім 2018 жылғы 13 қаңтарда Әбу-Даби қаласында IRENA  (International Renewable Energy Agency) ассамблеясының 8-ші  сессиясына қол қойылды.

Urbasolar SAS француздық компаниясы ірі күн электр станцияларын әзірлеу, салу және пайдалану жұмыстарымен айналысады. Компания Қазақстанда 2012 жылдан бері Астанадағы ғимараттардың шатырларына күн панельдерін орнату бойынша жобаны іске асырғаннан бастап жұмыс істеп келеді және еліміздегі жаңартылатын энергия көздерінің алғашқы өндірушілерінің бірі болып табылады.

                                                    

Дерек көзі: Forbes.kz