
Лос-Анджелестің Калифорния университетінің зерттеушілер тобының өнертабысы, электр энергиясын өндіретін және сақтайтын бір мезгілде сутегі өндіруге қабілетті құрылғысы болып табылады.
Жаңа «күн» құрылғысы бірнеше технологиялардың, суперконденсаторлар технологиясы, жасанды фотосинтез және сутегі отынының элементтерінің буданы болып табылады. Екі дәстүрлі электродпен катодпен және анодпен қатар, жаңа құрылғыда үшінші баскарушы электроды бар.
Электродтардың құрылғы жұмысының екі режиміндегі жұмысының жоғарғы деңгейдегі тиімділігіне қол жеткізу үшін, ғалымдар сумен байланыста болатын, бетінің наноқұрылымы арқылы олардың алаңдарын ұлғайтты. Бұл өндірілетін сутегі көлемін, және суперконденсатор жинақтауға қабілетті энергия мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Онда дәстұрлі күн сәулесінің әсерінен бөлінетін су технологиясында пайдаланылатын платина және басқа да қымбат тұратын металдар емес, темір, никель және кобальт сияқты қымбат емес материалдар пайдаланылғаны жаңа құрылғыға қызушылық тудырады.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, жаңа жүйе, «бонус» түрінде, күн энергиясын жинауға және сақтауға мүмкіндік береді, оны сутегіне салынған химиялық энергияға айналдырады. Осы технологияның негізінде резервтік сақтау қоймасын жасауға болады, ол артық энергияны жинап, оларды шекті тұтыну сағаттарында беретін болады.