
«Zakon.kz» сайтының ақпараты бойынша қайта жаңарту станцияның 10% - ға жуық өнімділігін арттыруға және энергоблоктың қызмет мерзімін арттыруға мүмкіндік береді. Жөндеу жұмыстары басталған энергоблогты Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов барып қайтты. Корпорация өкілдері атап өткендей, егер модернизациялауға дейін блог қуаты 300 МВт құраса, модернизациялаудан кейін 325 МВт дейін өседі. Жобаның құны 200 миллион доллардан астам сомманы құрайды.
Сондай-ақ, белгілі болғандай, 2018 жылдың бірінші тоқсан ішінде "Восточный" кеніші – корпорация бөлімшелерініің бірінде циклдік-ағымдық аршымалы кешен № 2 пайдалануға беріледі.
Айта кететіндей, өткен жылдың соңында кәсіпорында күрделі жөндеуден кейін № 2 энергоблок іске қосылды. Жаңартылған құраушылармен бірге блок құрамына элементтер ретінде сымсыз датчиктер, мониторинг жүйесінің датчиктері және діріл диагностикасы енгізілген.
Ақсу электр станциясында энергоблогтардың қайта жаңартылуы 2001 жылдан бастап жүзеге асырылады. Сегіз блогтың бесеуі кешенді модернизациялаудан өтті.