2018 жылғы 7 ақпанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздерді өткізу мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісім күшіне енеді

2018 жылғы 7 ақпанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздерді өткізу мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісім күшіне енеді

2018 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы үшін 2017 жылғы 5 желтоқсандағы №811 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздерді өткізу мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісім» (бұдан әрі –Келісім) күшіне енеді.

Жоғарыда көрсетілген Келісімнің 11-бабына сәйкес оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң Келісім күшіне енеді.

2018 жылғы 8 қаңтарда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті Қазақстан Республикасынан Келісімге қосылуы туралы хабарламаны алды. Осыған байланысты Келісім Қазақстан Республикасы үшін 2018 жылғы 
7 ақпанда күшіне енеді.

Келісім бір мемлекеттің аумағынан басқа мемлекеттің аумағына 1 және  2-санатты бастапқы мәнге тең немесе асатын радионуклидті белсенділігі бар радиоактивті көздердің орын ауыстыруы кезінде Келісімге қатысушы мемлекеттердің ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыздандыру  мәселелерін реттейді.

Келісімнің негізгі ережесі болып 6-бап табылады, оған сәйкес 1 және 2-санаттардағы радиоактивті көздердің орын ауыстыруы қабылдаушы Тараптың уәкілетті (құзыретті) органынан оларды алуға мүмкіндігі туралы растама алғаннан кейін ғана бастауға мүмкін. Осылайша, уәкілетті (құзыретті) орган алушы радиоактивті көздерді алуға және оларды иеленуге (олармен жұмыс істеуге) рұқсаты бар екендігін растайтын болады.