2018 жылы Теміртау 2-ЖЭО жаңартылуы басталады

2018 жылы Теміртау 2-ЖЭО жаңартылуы басталады

Еenergy.media сайтының ақпараты бойынша жылыту маусымының басынан 2-ЖЭО қазан жабдығының 49 апаттық тоқтауы анықталды. Осыған байланысты, станцияда үш миллиардтан астам тенгеге негізгі және көмекші жабдықтардың күрделі жөндеуі жоспарланған. Қала басшысының ойынша бұл апаттық және жылу көзінің қыздыру кемдігі санын азаюына әкеледі.

2018 жылы Қарағанды облысы Теміртауда 2-ЖЭО 7-ші қазанның құрылысы басталады. Бұл туралы облыс әкімі Ерлан Қошанов халықпен есеп беру кезінде хабарлады.

«2-ЖЭО жылу тапшылығы бар екенін білесіздер. Станцияның жабдығы моральді және физикалы ескрген. Осы уақытқа дейін біз бар қазандар мен турбиналардың жөндеп қана қоятын едік. 2017 жылы жөндеу науқаны күшейтілген бақылауда өтті. Біз аяздарды аса жаңылусыз өттік. Бірақ бұл жай ғана сүйемелдейтін шаралар. Станцияда қуат тапшылығын жою керек. Бұл үшін нысанның толық жаңартылуы қажет. Оның басы осы жылы кірісетін 7-ші қазанның құрылысы болады.» - деп аймақ басшысы айтты.

Бұдан басқа, станцияның кеңеюінен Жезқазған, Балхаш және Топар кентінде жылумен қамтамасыз ету жақсарады. Қарағанды және Жезқазғандағы жылу желілерінің қайта құруына 6 млрд. тенге бөлінетіні жоспарлануда. Облыстың электр желілері және шағын станциялары жаңартылуының инвестициясы 8 млрд. тенгеден астам құрайды.