Ұлыбританияда күн энергиясымен жүретін поездар жүреді

Ұлыбританияда күн энергиясымен жүретін поездар жүреді

Hi-News.ru Күн панелдері теміржолды бойлай елдің шағын елдімекендерінің қосалқы станцияларын асқын жүктемеден құтқара отырып, пойыздардың қозғалыс жүйесіне электр беретінін хабарлайды. Күн панелдерімен өндірілген электрмен қоректендірілген алғашқы электр пойызы 2018 жылдың соңына дейін іске қосылады деп күтелуде. Әзірлеу күн панелдерін теміржолды бойлай орналастыруды және алынған электрді энергия торабына соқпай пойыздардың қозғалыс жүйесіне тікелей беруді ұсынған Лондонның Империялық колледжінің инженерлеріне тиесілі. Олардың пікірінше бұл желіге ең жоғары жүктемені болдырмауға және электр тапшылығы  байқалатын өңірлердің резервтерін пайдаланбауға көмектеседі.Жоба авторларының бірі профессор Тим Грин Ұлыбританияда электр желісіне рұқсат алу едәуір қиын көптеген жерлер барын,оның есесіне сол арқылы артық электрдің жиналуынан қиындық көретін шағын елдімекендердің қосалқы станцияларының жүгін жеңілдетіп күн панелдерін оңай әрі тез орналыстыруға болатынын түсіндірді. Егер өндірілген күн электр энергиясын пойызға тікелей берсе, бұл жүрдек электр пойыздарға өндірілген күн энергиясын бере отырып, жергілікті жерде электр тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді.

 

Сілтеме: https://tengrinews.kz/progress/poezda-na-solnechnoy-energii-zapustyat-v-velikobritanii-338534/