
Тұтастай алғанда, Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясының және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен қатар штаттық режимде жұмыс істеуде. Ағымдағы жылдың басынан Республикада 35,6 млрд. кВтсағат электр энергиясы өндірілді, бұл өткен жылдан 8%-ға көп және 33,6 млрд. кВтсағат электр энергиясы тұтынылды, бұл 5%-ға көп.
2018-2019 жж. күзгі-қысқы маусымда елдің тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтау үшін Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесі электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеудің 2018 жылға бекітілген кестесіне (бұдан әрі - Кесте) сәйкес 10 энергия блогына, 59 энергетикалық қазанға және 39 турбинаға күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеулер жүргізу көзделген. Ағымдағы жылғы сәуірдің үшінші жартысында Кестеге сәйкес 2 энергия блогында (жылдық көлемнің 20%), 2 қазанда (жылдық көлемнің 3%) және 4 турбинада (жылдық көлемнің 10%) жұмыстар аяқталды. Жөндеудің әртүрлі кезеңінде 1 энергия блогында, 20 қазанда және 5 турбинада жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар негізінен Кестеге сәйкес жүргізілуде.
Сондай-ақ Комитетпен мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен, энергетикалық ұйымдармен ай сайын алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындалу мәселелерін қараумен салалық селекторлық жиналыс өткізіледі.