Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

2018 жылғы 23 мамырда Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Беларусь Республикасы Энергетика министрлігі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан тараптан құжатқа Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев, ал Беларусь тарапынан Беларусь Республикасы Энергетика министрінің орынбасары Михаил Михадюк қол қойды.

Меморандум атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы мынадай бағыттар бойынша екі жақты өзара тиімді ынтымақтастықты көздейді:

- атом электр станциясын салу жобасын іске асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттаманы әзірлеу және қабылдау саласында, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану саласындағы өзге де бағыттар бойынша тәжірибе алмасу;

- ядролық энергетика бағдарламасын іске асыру бойынша тәжірибе алмасу;

- атом энергиясын пайдаланатын объектілерді пайдалану кезінде қауіпсіздік деңгейін арттыру, аталған объектілерді, сондай-ақ ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін физикалық қорғау, ядролық материалдарды, иондаушы сәулелену көздері мен радиоактивті қалдықтарды бақылау және есепке алу, радиоактивті заттардың шығарындыларын бақылау және мониторинг жүргізу, атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялау, стандарттау және өзге де басқару әдістері мәселелерінде тәжірибе алмасу және ынтымақтастық;

- атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізу;

- Беларусь Республикасында қазақстандық мамандарды атом энергетикасы саласында оқытуды, дайындауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға жәрдемдесу.

Меморандумға қазақстандық делегацияның 2018 жылғы 23-25 мамыр аралығындағы Беларусь Республикасына іс-сапары аясында қол қойылды.