Ядролық және радиациялық объектілерде кибер қауіп-қатерлерді басқару» оқу курсы

Ядролық және радиациялық объектілерде кибер қауіп-қатерлерді басқару» оқу курсы

Астана қаласында 2018 жылғы 14-18 мамырда ҚР Энергетика министрлігінің АЭҚБК АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігімен ынтымақтастықта «Ядролық және радиациялық объектілерде кибер қауіп-қатерлерді басқару» тақырыбында оқу курсын ұйымдастырды және өткізді. 
   Оқуға Қазақстан Республикасының мүдделі министрліктері мен ведомстволарының өкілдері, сондай-ақ республиканың атом саласының ұйымдары мен кәсіпорындарының мамандары қатысты. 
   Курс барысында қатысушылар қауіп-қатерді басқару бағдарламасының, оның ішінде кибер қауіп-қатерлерге бағалау жүргізу және оларды төмендету үшін практикалық және тұрақты бақылау құралдарын пайдалану әдістерінің негізгі элементтерімен танысты. Мысалы гипотетикалық объектінің мысалында, практикалық жаттығулар кезінде қатысушылар қауіпті болдырмау, тәуекелдерді бағалау, осалдықты анықтау бойынша ұйымдастыру және практикалық шаралар, сондай-ақ  ақпараттық және компьютерлік қауіпсіздікті нығайту бойынша техникалық шешімдер әзірледі.