
30 мамырда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Инвестициялар және даму министрлігімен, облыстық әкімшіліктермен, ұлттық компаниялары «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ және энергетикалық кәсіпорындардың басшыларымен бірге 2018-2019 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша салалық селекторлық кеңес өткізді.
Комитеттің есебінде алдағы күзгі-қысқы кезеңде ел тұтынушыларын тұрақты энергиямен қамтамасыз ету туралы айтылды, 2018 жылға бекітілген кестесіне сәйкес электр станцияларының негізгі жабдықтары бойынша 8 энергоблоктың, 56 энергетикалық қазаның және 45 турбинаның күрделі және кеңейтілген жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ағымдағы жылдың мамыр айының соңында 2 энергоблокты (жылдық көлемнің 25 %), 9 қазанды (жыл сайынғы көлемнің 16 %) және 8 турбинаны (жылдық көлемнің 18%) жөндеу бойынша жұмыстар аяқталды. Түрлі жөндеу кезеңдерінде 4 энергоблок, 18 қазан мен 12 турбинада жұмыс жүргізүлеуде. Жалпы алғанда, жұмыс кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.
Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2018-2019 жж. күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін жалпы ұзындығы 23 795 км электр жеткізу желілерін, сондай-ақ 5 497 қосалқы станцияны, ҮП, ТП, ЖТП-10/0,4 кВ-ті жөндеулері жоспарланған. Ағымдағы жылдың мамыр айының соңында 2,682 км электр жеткізу желілерін жөндеуі жургізілген, бұл жылдық жоспардың 11 % құрайды. Жалпы, жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізіледі.
Кеңес қорытындысы бойынша өңірлер әкімдіктеріне 2018-2019 жж. күзгі-қысқы кезеңге арналған тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін дайындау барысын қадағалау, отын жинау, сондай-ақ энергетикалық кәсіпорындар басшыларына жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтуге және энергетикалық жабдықтың техникалық жай-күйін және жөндеу жұмыстары бақылауға тапсырылды.