АЭХА және Пхеньян КХДР-гі агенттіктің жұмысын жаңғыртуға дайындалуда

АЭХА және Пхеньян КХДР-гі агенттіктің жұмысын жаңғыртуға дайындалуда

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭХА) және КХДР өкілдері Пхеньян ядролық мәселесі айналасындағы ахуалдың өзекті дамуын есепке ала отырып, осы елге агенттіктің қызметін қайтару мүмкіндігі бойынша жұмыстарды жандандырды.  Бұл туралы дүйсенбі күні АЭХА-ның бас директоры Юкия Амано мәлімдеді.

 «Өткен жылы құрылған кепілдіктер департаментіндегі КХДР атынан топ және менің атқарушы тобым,  агенттік өзінің қызметін тез жаңғырта алатын жағдай жасау бойынша жұмысты жандандырды», деп - Амано АЭХА  басқарушылар кеңесіне өзінің баяндамасында баса айтты.

 Аманоның айтуы бойынша, АЭХА КХДР-дің ядролық бағдарламасының айналасындағы жағдайдың дамуына мұқият бақылауда және егер қатыстырылған елдер арасында саяси бәтуаға қол жеткізілетін болса, ядролық бағдарламаны бақылауда елеулі рөл атқаруға дайындығын сақтайды.

 АЭХА-ның бас директоры КХДР БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясы шеңберінде міндеттемелерді толық орындауға, дереу агенттікпен ынтымақтастығын жаңғыртуға, елде агенттіктің инспекторларының болмауының нәтижесінде пайда болған барлық реттелмеген мәселелерді шешуге қайта шақырды.

 

 

 Дерек көзі: www.atomic-energy.ru